
3-ші Қазақстан–Италия мұнай-газ форумы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ іскерлік қауымдастық өкілдерін 2025 жылғы 9 сәуірде Италияның Равенна қаласында өтетін 3-ші Қазақстан-Италия мұнай-газ форумына қатысуға шақырады.
Форум Қазақстандағы NCOC және КПО сияқты ірі мұнай-газ жобаларының акционері болып табылатын ENI компаниясының қолдауымен, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі жетекші итальяндық компаниялардың қатысуымен өтеді.
Іс-шара бағдарламасына мұнай-газ саласының өзекті мәселелеріне, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне және Қазақстан мен Италия арасындағы жаңа әріптестік қатынастарды дамытуға арналған панельдік пікірталастар мен тәжірибе алмасу сессиялары кіреді.
E-mail: talkuat@kazservice.kz
Байланыс:
Темірлан Алқуат — +7 778 047 4744
Жарас Андижан — +7 775 365 8027