«Инвестордың құқықтарын қорғау: әкімшілік және сот практикасы» инвестициялық форумы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетімен және Қазақстанның Еуропалық Бизнес қауымдастығының өкiлдiгi (ҚЕУРОБҚ) «Инвестордың құқықтарын қорғау: әкімшілік және сот практикасы» инвестициялық форумын өткізуді жоспарлап отыр.
Күні: 2025 жылғы 7 ақпанУақыты: 09:30 – 13:00 (GMT+5)
Форматы: онлайн
Тілi: ағылшын, қазақ және орыс тілдеріне аударма ұсынылады.
Форум жұмысы барысында инвесторларды қорғаудың және инвестициялар саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде. Форумда сот практикасын талдау нәтижелері ұсынылады, баяндамалар (инвесторлардың пікірлері), мемлекеттік органдар мен сарапшылар тыңдалады.
Орындар саны шектеулі болғандықтан, форумға қатысу тек ОНЛАЙН форматта мүмкін екенін ескеріңіз. Қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға іс-шарадан бір күн бұрын және іс-шара күні электрондық поштаға жіберіледі.
Сілтеме бойынша онлайн тіркелу: https://eurobak.kz/events/investment-forum-protection-of-investors-rights-administrative-and-judicial-practice/