Қазақстан-Кипр бизнес-форумы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бизнес қауымдастығының өкілдерін 2026 жылғы 3 маусымда Астана қаласы, Мәңгілік Ел 55/19, C3.4 блогы мекенжайы бойынша АХҚО ғимаратында өтетін Қазақстан-Кипр бизнес форумына шақырады.
Форум Қазақстан мен Кипр арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, сондай-ақ екі елдің компаниялары мен мемлекеттік органдары арасында іскерлік байланыстар орнату үшін негізгі алаң болады.
Іс-шара бағдарламасына жетекші спикерлердің қатысуымен панельдік сессия, екі елдің жетекші компанияларының презентациялары және екіжақты кездесулер кіреді.
Кипр делегациясы туралы ақпарат сілтемеде қолжетімді.
Форумға қатысу үшін тіркелу 2026 жылдың 1 маусымы, сағат 18:00-ге дейін https://docs.google.com/forms сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.