Медиа орталық

Меиіржан Юсупов Павлодар бизнес өкілдерімен кездесу өткізді

Меиіржан Юсупов Павлодар бизнес  өкілдерімен кездесу өткізді

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовпен бірге Павлодар облысындағы шетелдік және отандық компаниялардың бірқатар өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру және инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу мәселелері қозғалды. 

Іс-шараға «Kazcenosphere's», «Mineral Product International», «Railcast Systems», «Ansa silicon», «INTERTRANS C.A.», «ASCOR» және т.б. компаниялардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ кездесуге «Pavlodar» АЭА және «Павлодар» ӘКК қызметкерлері қатысты.

 

Өз сөзінде Меиіржан Юсупов KAZAKH INVEST инвесторлар жағында екенін атап өтті. Жаңа инвесторларды тартудан басқа, компания қолданыстағы инвесторларды ұстап қалу, сондай-ақ бизнес сұраныстарына уақтылы ден қою арқылы жаңа жобаларға қайта инвестициялауды ынталандыру бойынша белсенді жұмыс істейді. 

«Біз үшін диалогты қолдау өте маңызды. Біз үшін сіздердің сұратуларыңыз, өтініштеріңіз және ұсыныстарыңыз өте маңызды. Бұл жобаларды іске асырудың үздіксіз процесіне ықпал етеді. Жобаларды іске асыру барысында инвесторларда туындайтын барлық проблемаларды біз мониторингілейміз және қысқа мерзімде шешуге тырысамыз», - деп атап өтті Меиіржан Юсупов

«Павлодар облысының әкімдігі инвесторлардың бастамаларын белсенді қолдайды және туындаған проблемалық мәселелерді шешеді. Бұл үдерісте KAZAKH INVEST аймақ бизнесмендерінің проблемалық мәселелеріне жедел ден қою үшін өңірлік инвестициялық штабтың озық тобының жетекшісі болып табылатын өңірлік директор тұлғасына тікелей қатысады. Республиканың ірі агроөнеркәсіптік флагманы бола отырып, Павлодар облысы инвесторларға жаңа өндірістерді ұйымдастыру үшін жақсы жағдайлар ұсынуды тоқтатпайды, жылдан жылға негізгі капиталға тартылған инвестициялар және тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша тұрақты көрсеткіштерді көрсетіп келеді», - деп атап өтті Сәкен Шаяхметов


Кеңесте инвесторлардың мемлекеттен субсидиялау арқылы жобаларды қаржыландыру, арнайы экономикалық аймақтардың қызметі шеңберінде кедендік мәселелерді регламенттейтін заңға тәуелді актілерді қабылдау, инвестициялық келісімшарттар жасасу, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ визалық-көші-қон мәселелерін шешу мәселелері бойынша бірқатар мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, «Pavlodar» арнайы экономикалық аймағында іске асырылатын инфрақұрылымды жүргізу және жобаларды одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. 

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы мемлекеттік органдардың көмегімен осы мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын ұсынып, қажетті ұсыныстар берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында одан әрі кооперация және өзекті мәселелерді талқылау туралы уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге