Медиа орталық

АҚШ-ың «MK Industries» компаниясы Павлодар облысында картоп өңдеу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

АҚШ-ың «MK Industries» компаниясы Павлодар облысында картоп өңдеу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов кәсіпорынның бас директоры Али Катутпен кездесу өткізді. Тараптар картоптан жартылай фабрикаттар әзірлеу өндірісінің жобасын талқылады.
 
«MK Industries» — әлемнің 30 елімен әріптестік орнатқан көп бейінді компания. Инвесторлар Ақсу қаласында шикізат өнімдерін сақтауға қажетті төрт қойма мен мұздатылған қытырлақ картоп өндірісінің құрылысы туралы жобаны ұсынып отыр. Бас директор Али Катуттың айтуынша инвестициялардың жалпы көлемі 20 млн АҚШ долларын құрайды. Ішкі нарықты қамтамасыз етуден бөлек, өнімдерді экспорттауға болады.
 
Біздің компания өңірлеріңіздегі картоп өсірушілермен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Біз 100 мың тонна картоп өңдеуді жоспарлап отырмыз, – деді инвестор.
 
Облыс әкімі картоп өсірудің көрсеткіштерін арттыруға септігін тигізетін жаңа технологиялар мен өндірістегі ғылыми-қолданбалы зерттеулердің маңыздылығын атап өтті.
 
Павлодар облысы картоп өсіру мен сату бойынша көш бастап тұр. Биыл жиналған картоптың көлемі 766 мың тоннаға дейін артты. Біз үшін сіздердің компанияларыңызбен әрекеттесу пайдалы тәжірибе болар еді. Бірлескен мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет көмекті көрсетуге әзірміз, - деді Әбілқайыр Сқақов.
 
Шет елдік компания өндірісте Бельгия мен Қытайдан әкелінетін құрал-жабдықтарды қолданбақшы. Сонымен бірге, мал шаруашылығы, дәнді дақылдарды өсіру және жем-шөп әзірлеу бойынша да әріптестік орнату мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

Дереккөз: Павлодар облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге