Медиа орталық

Павлодар облысының әкімі Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Павлодар облысының әкімі Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Асайын Байхановтың Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсенмен кездесуі өтті. Тараптар ынтымақтастықты және инвестициялар тарту мәселелерін талқылады.

Асайын Байханов өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндады.

- Біз үшін Германия облыстың Еуропа елдері бойынша негізгі сауда серіктестерінің бірі. Облыста қызмет көрсету, өндіру және қайта өңдеу саласында неміс тарапының қатысуымен 80 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы үш жылда Германиямен тауар айналымы шамамен 120 млн. долларды құрады, - деп атап өтті. 

Сондай-ақ, неміс серіктестерімен сауда қатынастарында Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация, мұнай-химия зауыты сияқты қала құраушы кәсіпорындар бар.

Моника Иверсен неміс тарапының ынтымақтастыққа мүдделі екенін және инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. Серіктестіктің алдағы уақытта да белсенді дамитынына сенім білдірді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Дереккөз: Павлодар облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге