Біз туралы

Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «Агрономия» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданының «Голубовский» совхозында жұмысшы болып бастаған. Жоғары білім алған соң, 1990 жылы совхоздың бас агрономы болды. 1993-1999 жылдары Павлодар қаласындағы «Себат» ЖШС директоры болып жұмыс істеді, «Беловодское АҚБ» АҚ, «Иса Байзақов атындағы» және Ертіс ауданының «Алтыншы ауыл» ЖШС АС басқарды.

1999 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, Качир ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан 2003 жылдың желтоқсанына дейін Качир ауданын басқарды. 2004 жылдың қаңтарынан 2011 жылға дейін Ертіс ауданының «Аманкөл» ШҚ басшысының кеңесшісі қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары Ертіс ауданындағы «Нұрби» ЖШС директоры болды. 2013 жылдың қыркүйегінде Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып мемлекеттік қызметке оралды. 2014-2016 жылдары - Ақтоғай ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары-Ертіс ауданының әкімі болып қызмет етті. 2019 жылы «Стальмонтаж» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылы Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды, 2021 жылы Тереңкөл ауданының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы тағайындауға дейін Баянауыл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Жетекшілік ететін бағыттары: құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау салалары.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге