Біз туралы

Курманова Людмила Рашидовна

Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

Людмила Рашидовна – 1981 жылы Павлодар қаласында туған. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

Мансап

Облыс әкімінің өкімімен Людмила Рашидовна Курманова Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Еңбек жолын 2002 жылы Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымдық және инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы болып бастады. Маманнан бастап экономикалық талдау және болжау бөлімінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.

2016-2021 жылдары облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап партия жұмысымен айналысты. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021 жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге