Біз туралы

Иманзаипов Ержан Бейбітұлы

«Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы

Жұмыс бағыттары:

  • Аймақтың өнеркәсібі
  • Индустрияландыру картасы
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Инвестиция тарту
  • Туризм
  • Сауда

Жалпы ақпарат, білім

1984 жылы (Павлодар қаласы) туған, жоғары білімді.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «жылу энергетика өнеркәсібі» мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ халықпен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастады.

2007-2014 жылдар – мемлекеттік қызмет саласында орталық мемлекеттік органдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық комитетінде, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен;

2014 - 2016 жылдар – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

2016 – 2017 жылдар - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары;

2017 - 2019 жылдар – Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2019-2020 жылдар - Екібастұз қаласының әкімі;

2021 жыл - Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;

2021 – 2022 жылдар - Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2022-2023 жылдар - Павлодар қаласының әкімі;

2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап қазіргі уақытта «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге