Медиа орталық

KAZAKH INVEST Павлодар облысының бизнес-қоғамдастықтары үшін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өткізді

KAZAKH INVEST Павлодар облысының бизнес-қоғамдастықтары үшін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өткізді

Қазақстан Республикасында инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөніндегі cеминар Павлодар облысы әкімдігінің алаңында ұйымдастырылды. Кездесуге қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың, ӘКК, жергілікті атқарушы органдардың, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының ЕЭА басқарушы компанияларының 100-ге жуық өкілдері қатысты.

Кездесу спикерлері «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ», «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы болды.

Кездесуді құттықтау сөзбен ашып, сондай-ақ Павлодар облысының инвестициялық әлеуетін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері және т. б. туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.


Өзінің кіріспе сөзінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік бөлімінің басшысы Марат Есенов ҚР шет елдердегі мекемелерін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қамтитын инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі туралы айтып берді. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өз жұмысының барлық кезеңдерінде шетелдік бизнеске ғана емес, қазақстандық жоба бастамашыларына да қолдау көрсететіні атап өтілді.

«Біздің заңнама инвесторларды ішкі және сыртқы деп бөлмейді. Барлығына қолдау бірдей көрсетіледі. «KAZAKH INVEST» командасы ақпараттық және заңдық қолдаудан, инвестициялық келісімшарт жасасудан бастап, мемлекеттік органдармен келіссөздерді ұйымдастыруға және Қазақстан өңірлерінде жобаларды оқшаулау бойынша мәселелерді шешуге дейін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеумен айналысады", - деп атап өтті Марат Есенов.


Сонымен қатар, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «бір терезе» тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова кездесу қатысушыларына ақпараттық және құқықтық сүйемелдеуді, инвестициялық келісімшарт жасасуды және келіссөздерді ұйымдастыруды қамтитын сервистік қолдау жүйесінің қызметі туралы айтып берді. Инвестициялар туралы келісім, сондай-ақ салықтық несие сияқты инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары егжей-тегжейлі баяндалды.

Сондай-ақ, Павлодар облысына сапар шеңберінде «Investorlar uii» өңірлік фронт - офисіне, сондай-ақ «Pavlodar» ЕЭА инвестициялық жобаларының өндірістік алаңдарына – «Giessenhaus» ЖШС, «Vector Pavlodar» ЖШС, «УПНК-ПВ» ЖШС, «Kazcenosphere ' s» ЖШС, «Агрохимпрогресс» ЖШС сапар ұйымдастырылды.




Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеп тұрған өндірістердің проблемалық мәселелерін талқылады, сондай-ақ инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың өзекті құралдарын түсіндірді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге