Медиа орталық

KAZAKH INVEST Павлодарда өткен «PRO Сүт-2025» форумында АӨК инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

KAZAKH INVEST Павлодарда өткен «PRO Сүт-2025» форумында АӨК инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Павлодар қаласында «PRO Сүт-2025» халықаралық сүт бизнесі форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен шет елдерден келген агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері, сарапшылар, инвесторлар, қаржы институттары, сүт өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер қатысты. Форуммен қатар сүт саласын дамытуға арналған инновациялық технологиялар, жабдықтар мен цифрлық шешімдер ұсынылған «QazaqSut» атты мамандандырылған көрме ұйымдастырылды.

Форум аясындағы іскерлік бағдарламаның басты тақырыптары — АӨК саласындағы инвестициялық әлеует, мемлекеттік қолдау шаралары, саланы цифрландыру және жаңғырту, су ресурстарын басқару және суармалы егіншілік мәселелері болды.

Форум шеңберінде «KAZAGRO INDUSTRY INVEST’25» атты II Инвестициялық кездесу өтті. Оған «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, инвестициялық қорлар, салалық министрліктер және екінші деңгейлі банктер қатысты. Кездесу барысында АӨК инвестицияларын ынталандыру құралдары, жобаларды сүйемелдеудің жаңа тетіктері және инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру тәжірибелері талқыланды.

Сессияда Павлодар облысы бойынша «KAZAKH INVEST» аймақтық директоры Алмаз Ақышев баяндама жасап, Инвестициялық штабтың жұмысы, Fast Track жүйесін енгізу, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның іске қосылуы және ірі жобалар үшін Инвестициялар туралы келісім жасасу тетігі сынды бастамалар туралы айтты.

«Бүгінде KAZAKH INVEST инвесторларды жобаның бастамасынан бастап толық іске асырылғанға дейін жан-жақты қолдайды. Аймақтық жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді — әр өңірде өкілдік бар, бұл бизнесте туындайтын мәселелерді жедел шешіп, әкімдіктермен тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Павлодар облысы сүт мал шаруашылығы мен қайта өңдеуді дамытуда жоғары әлеуетке ие, біз жергілікті деңгейде инвестициялық бастамаларды жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайынбыз», — деді Алмаз Ақышев.

Форум инвесторлар, бизнес пен мемлекет арасындағы тікелей диалогқа арналған тиімді алаңға айналып, шетелдік және отандық серіктестер тарапынан Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторына деген қызығушылықтың артқанын көрсетті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге