Медиа орталық

KAZAKH INVEST пен American MK Industries өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

KAZAKH INVEST пен American MK Industries өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Астанаға компанияның басқарма төрағасы және бас директоры Али Катут бастаған америкалық MK Industries компаниясының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимовпен кездесті, онда Павлодар облысындағы картопты қайта өңдеу жобасы бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Жоба 2024 жылы жүзеге асады деп жоспарлануда. Жобада Павлодар облысында шикізатты сақтайтын қоймалар салу да қарастырылған. Инвестиция көлемі 20 миллион долларды құрайды.

DSC_0207нью.jpg

Кездесуде тараптар жобаны жүзеге асырудың егжей-тегжейлерін талқылады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру аясындағы алдағы жоспарлармен бөлісті. Али Катут өз сөзінде сапарды ұйымдастырып, қолдау көрсеткені үшін ұлттық компанияға алғысын білдірді.

Сапар барысында делегация жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік және жеке секторлардың басшыларымен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Анықтама:

MK Industries – көптеген халықаралық нарықтарда азық-түлік және тауарлар саудасына маманданған жылжымайтын мүлік және сауда компаниясы. Дүние жүзіндегі кең ауқымды операциялары бар MK Industries 49 жылжымайтын мүлікке иелік етеді және әлемнің 30-дан астам елімен кең көлемде сауда жасайды.

«MK Trading and Food Industries» жұмыртқа ұнтағы, тағамдық майлар, қант, ұн және бұршақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге маманданған. Компания бүкіл әлем бойынша сауда операцияларын құрды. Өзінің Akli Food брендімен өнімдер желісін алға жылжытады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге