Медиа орталық

АҚШ инвесторлары Павлодар облысының фермерлерімен кездесті

АҚШ инвесторлары Павлодар облысының фермерлерімен кездесті

KAZAKH INVEST қолдауымен Американың ірі азық-түлік компаниясының Қазақстанға сапары ұйымдастырылды. Champion Foods компаниясы ҚР аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыруда. Кездесу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Меиіржан Юсупов нарыққа кіру және Champion Foods сияқты ірі ойыншының жобасын іске асыру Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторын дамытуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.


Champion Foods басшылығының төрт күндік сапары Павлодар облысында өз мәресіне жетті. Онда АҚШ-тың ірі инвесторлары жергілікті шаруа иелерімен кездесіп, картоптың арнайы сорттарын өндіру қажеттілігін талқылады. Ірі фермерлік шаруашылықтар 15 мың га суармалы жерден жылына 500 мың тоннадан астам картоп өндіреді. Павлодарлық шаруа иелерінде қажетті техника бар және де тәжірибелері жеткілікті. Сондай-ақ, олар өндірістік қуаттылықты арттыруға дайын.

Өз кезегінде, Champion Foods елімізде кәсіпорын ашу мүмкіншілігімен шектеліп ғана қоймай, сондай-ақ шет ел нарығына жүйелі түрде азық-түлік экспортын ұйымдастыруды алға тартып отыр. Компания offtake-келісімшарттарымен қамтамасыз етуді көздеп отыр (әлі өндірілмеген өнімді сатып алу үшін қарастырылған келісімшарт – баспасөз-қызметінің ескертпесі). Сонымен қатар жаңа технологиялар ұсынбақ. Champion Foods еліміздің инфрақұрылымдарына инвестиция салуды және кадрларды жетілдіруді жоспарлауда.

Өңірді аралау барысында АҚШ делегациясы жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерімен практикалық қадамдарды одан әрі еселей түсу керектігін алға тартты. Кездесу Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Champion Foods вице-президенті Джонатан Бурингтің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен даму барысындағы өзара түсіністік туралы үш меморандумға қол қойылды. Қазақстандық тараптан құжаттарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «QazTrade» ССДО» АҚ қол қойды.

Джонатан Буринг, Champion Foods вице-президенті: «Қазақстанда біз бірнеше меморандумға қол қойдық. Бұл тек ісіміздің бастамасы екеніне сенімдіміз. Бірлескен әрекеттеріміз келешекте Қазақстан мен АҚШ арасында ауыл шаруашылығын дамытуда тарихи альянс құрады деген үміттеміз. Біз «Made in Kazakhstan» азық-түлік тауарларының шет ел нарықтарына жүйелі түрде экспортталуын жүзеге асыруға септігімізді тигізбекпіз».

Champion Foods компаниясының Қазақстанға сапары KAZAKH INVEST-тің АҚШ-тағы шетелдік өкілі Ғалымжан Матаев пен Қазақстанның Нью-Йорктегі құрметті консулы Дэвид Валера Рейносоның қолдауымен ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге