Медиа орталық

Павлодар облысында құны 90 млн евро болатын сутегі қондырғысын салу жобасы жүзеге асырылу үстінде

Павлодар облысында құны 90 млн евро болатын сутегі қондырғысын салу жобасы жүзеге асырылу үстінде

Павлодар облысында, Павлодар мұнай-химия зауытының аумағында, Қазақстанның мұнай-химия саласы үшін ең маңызды жобалардың бірі – ТОО «Эр Ликид Мунай Тех Газы» компаниясының сутегі қондырғысын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл кәсіпорын – АО «НК «ҚазМұнайГаз» және өнеркәсіптік газдар саласындағы әлемдік көшбасшы француздық Air Liquide тобының бірлескен кәсіпорны. Жобаның инвестициялық көлемі 90 млн еуроны құрайды.

Жоба Павлодар облысының әкімдігі, салалық министрліктер және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Мұндай үйлестіру инвесторларға тиімді қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, халықаралық озық технологияларды енгізу процесін жеделдетеді.

Жаңа қондырғы Павлодар мұнай-химия зауытының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сутегі өндіруге мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды енгізу жылына 200 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын импорттауды алмастыруға мүмкіндік беріп, энергетикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздікті арттыруда елеулі қадам болады.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде: жер жұмыстарын аяқтап, тіреуіш бағаналар алаңы орнатылды. Бас мердігер ұйым мобилизацияланған және іргетастарды жабдықтауға кірісті. Жоба алаңына алғашқы технологиялық жабдықтар мен әрі қарайғы монтажға қажетті құбырлардың негізгі бөлігі жеткізілді.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстан–Франция серіктестігінің синергиясын көрсетіп, тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.











Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге