Медиа орталық

Павлодарда «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесі ашылды

Павлодарда «Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесі ашылды

Жергілікті кәсіпкерлерге бұдан былай мекемелердің табалдырығын тоздырып, әр түрлі инстанцияларға барудың қажеті жоқ. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсе Инвесторлар үйінің ғимаратында орналасқан. Ыңғайлы болу үшін мұнда  барлық мемлекеттік органдар мен даму институттары орналасқан. Фронт-кеңсе мамандары шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен түрлі заң қызметтері туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге  мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша да кеңестер беріледі.

Сонымен қатар, ХҚКО, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Аграрлық несие корпорациясы, «Даму» Қоры және Атамекен ҰКП қызметкерлері қажетті көмектер көрсететін болады. Бір сөзбен айтқанда, «Бизнеске арналған үкімет» инвесторлар мен кәсіпкерлердің идеясын жоба ретінде іске асыруға дейінгі жолын жеңілдетеді. Ағымдағы жылдың шілде айында кәсіпкерлерге 250 қызмет көрсетілді.

Фронт-кеңсе Луговая көшесі, 16 мына мекен жайы бойынша  орналасқан.  Жұмыс уақыты таңғы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Жоба еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Бүгінде мұндай орталықтар Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ, Шымкент қаласында жұмыс істеуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге