Медиа орталық

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен - «Еуразия механикалық зауыты» ЖШС және испандық «Nicolas Correa S.A.» компаниясының өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен - «Еуразия механикалық зауыты» ЖШС және испандық «Nicolas Correa S.A.» компаниясының өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен - «Еуразия механикалық зауыты» ЖШС және испандық «Nicolas Correa S.A.» компаниясының өкілдерімен кездесті.

«Еуразия механикалық зауыты» ЖШС өңірде металл бұйымдарын өңдейтін жоғары технологиялық роботтандырылған зауыт салуға ниетті. Кәсіпорын электр станцияларының турбиналарына, карьерлік экскаваторларға, бұрғылау жабдықтарына арналған бөлшектерді өндіруді жоспарлап отыр. Инвестициялардың көлемі - 7,3 млрд. теңге, қуаты жылына 9 мыңға дейін өнім. Өндірісті 2024 жылы іске қосу жоспарлануда.

Кәсіпорынның серіктесі - испандық Nicolás Correa компаниясы фрезерлік станоктар бойынша еуропадағы көшбасшылардың бірі және өнімдерін әлемнің 20-дан астам еліне экспорттайды.

Облыс әкімі бұл жоба іске асатын болса өңірдің экспорттық қоржынын кеңейтіп, тұрғындар үшін 60-тан астам тұрақты жұмыс орны құрылатынына сенім білдірді. 

- Дайын металл бұйымдарының өндірісі өңірдің кәсіпорындары тарапынан сұранысқа ие. Біз инвестициялық серіктестікті дамытуға мүдделіміз, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Дереккөз: Павлодар облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге