Жетістік тарихы

ТОО «KazCenosphere’s»

«KazCenosphere’s» ЖШС – жеңіл күл фракциясын (микросфера) өндіретін зауыт. «KustoGroup» халықаралық инвестициялық тобымен және күл мен қож қалдықтарын өңдеу бойынша ТМД нарығының көшбасшысы «Гранула» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлескен кәсіпорын. ERG компаниясымен Ақсу ГРЭС-тен күлдің жеңіл бөлігін жинауға эксклюзивті келісім-шарт жасалды.

Кәсіпорын 2021 жылдың мамыр айында «Павлодар» АЭА аумағында іске қосылды.

Жобаның қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайды.

Зауытта 70 маман жұмыс істейді.

Досжан Ілияс, «KazCenosphere’s» ЖШС қаржылық директоры:

«Өндірісті ұйымдастыру үшін учаскені таңдаған кезде біз үшін шикізатқа жақын және олардың қолжетімділігі маңызды болды.

Электр энергиясының төмен тарифтері мен бос жер мұнда тиімді бизнес ұйымдастыруға нақты мүмкіндік береді.

Біз Павлодар облысымен және «Павлодар» АЭА-мен өзара тиімді және жемісті ынтымақтастыққа бағытталғанбыз және біз Павлодар облысында өнеркәсіптік пайдалы қазбаларды өңдеудің экологиялық таза технологиялар кластерін дамытудың, болашаққа ауқымды жоспарлар құрудың нақты перспективасын көреміз, олар бүгінде «Павлодар» АЭА-да жүзеге асырылуда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге